Елордада рестораторлардың алғашқы халықарылық форумы өтеді

12 Желтоқсан 2021, 17:52
1275
Бөлісу:
Елордада рестораторлардың алғашқы халықарылық форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Resto-2021» рестораторлардың алғашқы халықарылық форумы өтеді.

Форум алаңында спикерлер мен рестораторлар еліміздің мейрамхана бизнесін дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылап, кейстерді талдайды.

Басқару саласындағы сарапшылар өздерінің білімі мен дағдыларымен бөліседі, тиімді команда құру және бизнесті қалай кеңейту керегін айтады. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Кездесу барысында бизнесмен, «Ресей рестораторлары мен отельерлері федерациясының» президенті, кәсіпкерлер құқығының бұзылуын жою мәселелері жөніндегі қоғамдық омбудсмен, РФ президенті жанындағы ұлттық кеңес жанындағы қонақжайлылық саласындағы ӘКК төрағасы Игорь Бухаров баяндама жасайды.

Өзгелердің жаңалығы