Елордадағы Республика даңғылында қозғалыс шектеледі

19 Шілде 2019, 00:46
1600
Бөлісу:
Елордадағы Республика даңғылында қозғалыс шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 19-21 шілде аралығында Республика даңғылындағы қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Осыған байланысты, ағымдағы жылдың шілде айының 19-ынан 21-іне дейінгі мерзімде Бөгенбай батыр даңғылынан бастап А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ, 09:00-ден бастап Республика даңғылы - Ә. Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы - С. Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап - Республика даңғылы - Абай даңғылы, 21:00-ден бастап - Республика даңғылы - Кенесары көшелерінің қиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады»,-делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.

«Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және тәулік бойы жүргізілетін жұмыстарға қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы