Елордада референдум күні 65 бала дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Референдум өткен күні, яғни 5 маусымда елордада 65 бала дүниеге келді. 

Бұл мәліметті қалалық көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Референдум күні елордада 65 бала дүниеге келді, оның ішінде: 36 ұл, 29 қыз. Нәрестелер мен олардың аналары өздерін жақсы сезінеді.
Айта кетейік, жаңа босанған аналар да, көп салалы ауруханалардың акушерлік блоктарында емделіп жатқан жүкті әйелдер де Конституцияға түзетулер бойынша дауыс бере алды. Осы мақсатта медициналық мекемелерде 35 арнайы сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы