Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

4 Маусым 2021, 13:28
3115
Бөлісу:
Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті. Оған қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Көліктер шеруі Рәміздер алаңынан бастау алып, «Отан қорғаушылар» алаңында аяқталды.Жалпы қала бойынша 30 шақырыс қашықтықты басып өтті.

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Оған мемлекеттік байрақ ілінген 40-қа жуық 30 түрлі жеңіл көлікпен 10-ға жуық мотоцикл және  спорттық көліктер қатысты.

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Бүгін қазақстандықтар үшін ерекше күн. Осындай көлік шеруінің ұйымдастырылуы тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін. Жастардың атынан барлығына алғыс білдіремін, – деді «Жарасым » республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.
Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Оның айтуынша, шеруді ұйымдастыруға жастар белсенді түрде атсалысқан.   

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Мұндай құндылықтарымызды енді өсіп келе жатқан ұрпаққа көрсетудің маңызы зор. Егемендігіміздің арқасында жастарымыз еркін өсіп келеді.Қазір олар жақсы орталықтарда, түрлі мекемелерде  білім алуда. Жан-жақты білім алып жүрген талантты жастарымыз өте көп. Олар Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де танымал. Біз оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуміз керек. Ал мемлекеттік рәміздер біздің тәуелсіз ел екеніміздің айғағы. Бүгінгі іс-шараның мақсатының бірі жастардың бойына көк туымыздың, әсемдігін, әдемілігін паш ету, – деді Тимур Жұмырбаев.
Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Айта кетейік, Рәміздер күнін қала тұрғындары 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде  өткізіп келеді.

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Елордада Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтті

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы