Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді

5 Наурыз 2024, 20:39
335
Бөлісу:
Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді
Фото: - Архив

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.

Елордада қыздар арасында ат спортынан ашық біріншілік өтеді
Елорда әкімдігі

Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

• № 1 маршрут «Ашық класс санаты»
• № 2 маршрут «Жастар санаты»
• № 3 маршрут «Әуесқойлар санаты»
• № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»
• № 5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»
• № 6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты»

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады.

Мекенжайы: Қарқаралы тас жолы, 1. Мұнда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын №303, 309, 320, 323 қоғамдық көліктері барады.

Өзгелердің жаңалығы