Елордада полицейлер терроризмге қарсы қорғаныс мәселесін талқылады

27 Желтоқсан 2021, 21:02
1068
Бөлісу:
Елордада полицейлер терроризмге қарсы қорғаныс мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.Өтемісова атындағы оқушылар сарайында қаланың жалпы білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді, онда Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-қимылдар және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары атап айтылды.

Сонымен қатар, жиналыста жастар арасында және жалпы қоғамда экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды.

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы