Елордада пневмониямен ауыратындар саны 40,5%-ға азайды

25 Шілде 2020, 16:31
1299
Бөлісу:
Елордада пневмониямен ауыратындар саны 40,5%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 5 шілдеден бастап енгізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны 40,5% – 1348-ден 793-ке дейін азайды. Сонымен қатар коронавирус стационарларына түскен науқастар саны 50,3%-ға азайды.

Карантин шаралары, емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейту және қала тұрғындарының санитария нормаларын қатаң сақтауы денсаулық сақтау жүйесіне, дәрігерлерге жүктемені айтарлықтай төмендетті. Жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны екі еседен астам азайды – тәулігіне 2400-ден 1129-ға дейін (52,3%). Соның ішінде КВИ бойынша – күніне 350-ден 112-ге дейін. Карантинге дейін, коронавирустың ауыр дәрежесімені науқастар медицина мекемелеріне бірінен соң бірі түсіп жататын – дәрігерлер физикалық, моральдық тұрғыдан өте ауыр тиді. Денсаулық сақтау мамандары әр науқас үшін соңына дейін күресті. Қазір ауыр науқастар саны азайды. Екі күн бұрын дәрігерлеріміз өкпесі 100%, 90% қабынған науқастарды емдеп шығарды. Азаматтардан карантин алынып тасталғаннан кейін де инфекцияның алдын алу үшін санитария нормаларын қатаң сақтауды сұраймыз, – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Осылайша, КВИ-ден емделіп шыққандар саны 67%-ды құрады – 9494 науқастың 6607-і сауығып шықты. Төсек-орын қорының жүктемесі 90%-дан 47%-ға азайды.


Өзгелердің жаңалығы