Елордада пилотсыз ұшатын аппараттарын заңсыз іске қосудың жолы кесілді

13 Қазан 2022, 21:40
1749
Бөлісу:
Елордада пилотсыз ұшатын аппараттарын заңсыз іске қосудың жолы кесілді

"Есіл" ауданының Полиция басқармасына Ресей Федерациясының азаматтары қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анықталғанындай, 21 және 28 жастағы жігіттер жағалау маңында және ҚР Қорғаныс министрлігінде дрондарды ұшырғаны анықталды. Бұл фактілер әр түрлі уақытта орын алған, сонымен қатар азаматтарда квадракоптерді қолдануға рұқсат құжаттары болмаған.

12 қазанда Ресей Федерациясынан келген 43 жастағы ер адам Достық көшесінің бойында бейнетүсірілім жасау үшін дрон ұшырғаны туралы тағы бір хабар келді.

Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК 563-бабы 1-бөлігі 5-тармақшасы тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Астана қаласының Полиция департаменті ҚР әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы