Елордада Pfizer-ді қай жерден алуға болады?

14 Қараша 2021, 11:23
1223
Бөлісу:
Елордада Pfizer-ді қай жерден алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 15 қарашада Pfizer екпесін салу басталады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Бұл екпені салуға жататын контингент қаланың медициналық ұйымдарында және жасөспірімдер оқу орындарында вакцина алады. Алайда қаланың барлық медициналық ұйымдары жүкті әйелдерді, емшекте баласы бар әйелдерді егу науқанына бірдей қатыса алмайды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасын салуды ұсынатын қалалық медициналық мекемелердің тізімін жариялады:

- No 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 қалалық емханалары;

- «Достық» отбасылық денсаулық орталығы;

- «Жанұя», «Салауатты Астана», «Кировская», «Шипагер» ЖШС-лар (емханалардың барлық филиалдарында)

Егуге жататын контингентке арналған дозалар осы ұйымдарға бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы