Елордада офтальмологтар 4000 науқасқа медициналық қызмет көрсетті

9 Ақпан 2024, 13:47
435
Бөлісу:
Елордада офтальмологтар 4000 науқасқа медициналық қызмет көрсетті
Фото: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Елордада офтальмологтар МӘМС бойынша 4000 науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда МӘМС аясында ересектер мен балаларға көз бұршағының (хрусталик) туа біткен және жүре пайда болған аурулары, глаукома, шыны тәрізді дененің және торлы қабықтың аурулары, көздің қан тамырлары аурулары, көздің қосалқы қорғаныс және көздің қозғалу патологиялары, көз жасы жолдарының қабақтары және қитарлық, сондай-ақ көздің қатерсіз және қатерлі ісіктері, қант диабеті, гипертония және көздің басқа да соматикалық ауруларымен асқынулар кезіндеофтальмологиялық қызметтердің толық спектрі көрсетіледі. 

Мәселен, 2023 жылы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында МӘМС бойынша 4000 науқас емделсе, оның 400-ден астамы балалар.

Пациент Дударева Людмила Владимировна Көз аурулары институтының Астана филиалына көздің торлы қабығының күрделі сырқатымен түскен. «Кезекті көп күтпедім. Отаны да тез жасады. Және МӘМС жүйесінде бәрі ақысыз болды» дейді ол.

Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтының Астана қаласындағы филиалы базасында МӘМС аясында көздің алдыңғы және артқы бөлігіне, әлемнің жетекші өндірушілерінің жоғары технологиялық жабдықтары мен алдыңғы қатарлы материалдарын пайдалана отырып, жоғары технологиялық операциялар жасайды.

Біздің клиникада хирургияны дамытудың заманауи тармақтарының бірі - макулярлық интерфейс патологиясы кезіндегі операциялар жасалады, атап айтқанда эпиретинальды фиброз, витремакулярлық тарту синдромы және макуланың жарылуы кезіндегі операциялар, - деп түсіндіреді Қазақ Көз аурулары ҒЗИ Астана филиалының офтальмологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Константин Владимирович Одинцов.

Мамандардың айтуынша, барлық операциялар 2 мм-ден аспайтын кесінділер арқылы жүргізіледі, мұндай операциядан кейінгі нәтижелер жоғары және пациенттер операциядан кейін қысқа мерзімде оңалып, тез сауығады.

2023 жылы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты МӘМС бойынша 4000 науқасты емдеді, олардың 400-ден астамы балалар.

Естеріңізге салайық, егер медициналық қызметтер алу кезінде қандай да бір сұрақтар туындаса, Медициналық сақтандыру қорына төменде көрсетілген кері байланыстың ресми арналары арқылы хабарласуға болады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • @saqtandyrybot телеграмботы
  • 1414 бірыңғай байланыс орталығы
  • Қордың fms.kz сайты.
Өзгелердің жаңалығы