Елордада нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды

25 Шілде 2019, 05:28
2960
Бөлісу:
Елордада нысана көздеу мен стенд атудан республикалық жарыс басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңі басталды. Осы жарыспен қатар нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты да өтуде, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

Нысана көздеуден жасөспірімдер додасына еліміздің алты аймағынан 75 спортшы қатысуда. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысының жас мергендері ел чемпиондығына таласады. 

Ал стенд атудан Қазақстан кубогінің үшінші кезеңіне 130 спортшы қатысып жатыр. Стенд атушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда және Павлодар облыстарынан жиналған. 


Өзгелердің жаңалығы