Елордада Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды

3 Шілде 2021, 00:25
3813
Бөлісу:
Елордада Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданында ұлт мақтаныштары Нұрғиса Тілендиев пен Батырхан Шүкеновке мурал салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

шук.jpg

Екі композитордың туындылары әлі күнге дейін тыңдарманын жоғалтқан жоқ. Н. Тілендиевтің «Аққу», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері мен «Құстар әні», «Куә бол», «Сарыжайлау» сияқты әндері әлі күнге дейін халықтың жадында сайрап тұр, ал Б. Шүкеновтің «Отан ана», «Жүрегімде Астана», «Джулия», «Твои шаги» сияқты әндері музыка өнеріндегі қайталанбас туындылар. 

Айта кетейік, мурал «Romul» ЖШС-нің бастамасымен Н. Тілендиев даңғылы, 38 мекенжайында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің қасбетіне салынды.


Өзгелердің жаңалығы