Елордада өндірістік цех ғимараты өртенді

8 Қыркүйек 2020, 09:15
1672
Бөлісу:
Елордада өндірістік цех ғимараты өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қыркүйекте сағат 20.25-те елордалық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Ш.Айманов көшесі, 24 мекен жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша 5 қабатты өндірістік цех ғимаратының 3-қабаты өртенген, одан кейін жоғары орналасқан қабаттарға таралған.

Ауданы 200 шаршы метр өрт сағат 21.14-те ауыздықталып, сағат 22.20-да толық сөндірілді, - делінген хабарламада.

Жалпы өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Өзгелердің жаңалығы