Елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді – Көлгінов

19 Тамыз 2022, 14:03
1540
Бөлісу:
Елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді – Көлгінов
PHOTO
Фото: Александр Куприенко

Бұл жер учаскелерінің аумағы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталмыш жер учаскелері әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті ескере отырып анықталды. Ол қаланың барлық ауданында орналасқан. Әлеуметтік нысандарды салуға арналған жер учаскелерінің саны жыл сайын артатын болады.

Елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді – Көлгінов

Әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына арнайы бағыт бекітілді. Мәселен, елордада биыл 11 мектеп салынып, пайдалануға беріледі: Есіл ауданында – 6 мектеп, Алматы ауданында – 4 мектеп, Сарыарқа ауданында – тағы 1 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп (ол 2023 жылы тапсырылады). Аталған білім ордалары арқылы 23 мыңнан астам оқушыға арналған орын ашылады.

Алдағы 2023 жылы тағы 13 мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Осылайша тағы 22 мыңға жуық оқушы орны ашылады: Есіл ауданында – тағы 8 мектеп (ауданда тұрғындар тығыз орналасқанын ескере отырып), Алматы ауданында – 4 мектеп, Байқоңыр ауданында – 1 мектеп. Сол сияқты мектеп санын арттыру, оның ішінде жеке қаражат есебінен де көбейту мәселесін қарастырамыз, – деп жазады А.Көлгінов.

Елордада мектеп салу үшін 72 жер телімі белгіленді – Көлгінов

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада 3 жыл ішінде 34 мектеп салынды. Бұл 70 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы