Елордада мектеп оқушылары Шекара қызметінің әскерилерімен кездесті

5 Мамыр 2022, 07:27
1277
Бөлісу:
Елордада мектеп оқушылары Шекара қызметінің әскерилерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Рухани жаңғыру» КММ ұйымдастыруымен елорда оқушылары Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен кездесті. Іс-шара ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, патриотизм мен мемлекетшілдік сананы тәрбиелеу. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында қойған міндеттерін ескере отырып, азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары деңгейдегі әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілік пен руханилықты дамытуды қамтамасыз ету болып саналады.

Өскелең ұрпақпен кездесуге ҚР ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі, Шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұхтар Кәкімұлы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аға офицері Жанар Кемел, этнодизайнер Ерболат Қарабдал қатысты. Кездесу барысында оқушыларға өмірлік тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті.

Жиын барысында этнодизайнер Ерболат Қарабдал мектеп ұжымына Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының мүсінін сыйға тартты. Сондай-ақ батырдың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Өзгелердің жаңалығы