Елордада мас жүргізушілер жауапқа тартылды

5 Қараша 2019, 10:43
3842
Бөлісу:
Елордада мас жүргізушілер жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Тәртіп сақшылары 2 күнде мас күйінде көлік айдаған 35 жүргізушіні анықтады, деп хабарлады қалалық полиция депратаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлді. Осылайша, 2 күннің ішінде Нұр-Сұлтанда жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 900-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады. Оның ішінде 35 жүргізушінің көлікті масаң күйінде айдағаны, 300-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 170-тен астамы жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегі  таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау және 60-тан астамы жүргізушілердің көлікті айдау кезінде қауіпсіздік белгісін тақпауы бойынша анықталды, - делінген таратылған ақпаратта.

Осы жылдың 10 айы ішінде тәртіп сақшыларымен көлікті масаң күйінде жүргізгені үшін 800-ге жуық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетсек, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан үш жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге айыруға әкеп соғады, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы