Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 60 жүргізуші ұсталды

31 Желтоқсан 2019, 08:18
6098
Бөлісу:
Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 60 жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы елордалық полицейлер мас күйінде көлік айдаған 60-қа жуық жүргізушіні ұстаған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мереке күндері қарсаңында елордалық полицейлер қоғамдық полиция көмекшілерімен бірлесіп "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшедегі және қоғамдық орындардағы қажетті тәртіпті сақтау, қылмысқа қарсы күресті күшейту және астана аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықты ескерту мақсатында өтіп жатыр. 

ЖПШ басталғалы 100-ден аса қылмыс әшкере болып, іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды. 2800 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып (олардың 1300-ден көбі тіркеусіз немесе құжатсыз тұрып жатқандар), ҚР-да жүріп-тұру ережесін бұзған шетелдіктердің 330 фактісі тіркелді. 150-ден астам бұзақылық пен мас күйінде көлік айдаған 60 жүргізуші ұсталды, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы