Елордада құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған

11 Тамыз 2021, 14:55
9047
Бөлісу:
Елордада құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада құрылыс алаңында жұмысшылар жаппай төбелес шығарды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция баспасөз қызметі хабарлауынша, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде анықталған.


Бұл оқиғаның 6 тамызда күндіз Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, - деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түспеген.

Белгілі болғандай, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы