Елордада көшеге батпақ төккен жүргізуші ұсталды

3 Сәуір 2019, 10:10
2265
Бөлісу:
Елордада көшеге батпақ төккен жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қаланың санитариялық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясының бөлімшелері абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатыр. 

Қалалық ПД ЖПҚБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуір айында «Байқоңыр» ауданы ПБ ЖПҚБ Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сембинов көшесінің жүру бөлігіне батпақ төккен 1966 жылы туылған «LDG300» маркалы фронтал тиегіштің операторы М. есімді азаматты ұстады.

«53 жастағы М. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша 20 АЕК (50 500 теңге) көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралы мамандырылған коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды», - делінген таратылған хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы