Елордада көпқабатты үй өртенді

Елордада көпқабатты үй өртенді
2838

Оқыс оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

6 тамызда сағат 20.05-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері Төлебаев көшесі, 6 мекенжайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарламаға дереу шықты. Шақырту орнына өрт сөндірушілер үш минутта жетті. Өрт сөндіру барысында қойма нысанында 25 шаршы метр алаңда құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен жалынның таралуы сағат 20.21-де тоқтатылып , 20.32-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам мен 5 техника жұмылдырылған.


Фото: ашық дереккөз