Елордада көппәтерлі тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы іске кірісті

16 Ақпан 2022, 20:03
1447
Бөлісу:
Елордада көппәтерлі тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу мәселесі жөніндегі жұмыс тобы іске кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен көппәтерлі тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу мәселесін қарайтын жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. 

Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде Қазақстан құрылысшылар одағы мен Қазақстан құрылысшылары қауымдастығы қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс тобы 2021 жылғы қарашада Үкімет бекіткен үлестік құрылыс мәселелері және кооперативтер бойынша Жол картасы аясында жұмыс істейтін болады, ол азаматтардың үлестік қатысу тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

Жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушылар қауымдастығымен және Құрылысшылар одағымен бірлесіп, өз қызметін заңнан тыс жүргізетін құрылыс ұйымдарына мониторинг жүргізетін және оларды анықтайтын болады.

Мұндай отырыстар қажет жағдайда БАҚ беттерінде жарияланады. Сол сияқты айына кемінде екі рет отырыс өткізу жоспарланып отыр.
Халықты ақпараттандыруға ыңғайлы болу үшін «Елордада тұрғын үй құрылысы» арнайы сайты әзірленіп жатыр. Онда рұқсат беру құжаттарының болуы және болмауы туралы деректері жарияланған (құрылысы жүріп жатқан) тұрғын үй кешендерінің орындары көрсетіледі. Бұл жұмыс аяқталу сатысында.

Нұрлан Нұркенов атап өткендей, жұмыс тобының қызметі өз бетінше құрылыс салуды анықтауға ғана емес, сонымен қатар рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Осылайша, мұндай құрылыс компанияларының санын азайту жоспарланып отыр. Бұл жұмысқа құрылысшылар одағы мен құрылыс салушылар қауымдастығы белсене жәрдемдесетін болады.

Жұмыс тобының отырысына қажеттілігіне қарай өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері шақырылатын болады.

Арнайы сайтты іске қоспас бұрын үлескерлердің қаражатын қабылдауға рұқсат алған компаниялардың тізімімен тиісті басқарманың сайтында, мына сілтеме бойынша танысуға болады: 

Өзгелердің жаңалығы