Елордада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

26 Желтоқсан 2023, 09:30
394
Бөлісу:
Елордада коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

26 желтоқсанда таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2300 –нан астам жол жұмысшылары мен 1300-ге жуық арнайы техника шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауын-шашын көп жауатын уақытта елорданың коммуналдық қызметі күшейтіген режимдегі жұмыс тәртібіне көшеді.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін негізгі магистральдер қардан тазартылады. Одан әрі қозғалыс қарқыны орташа – алаңдар, вокзал маңы мен тратуарлар қардан тазартылады.

Жауын-шашын басталғалы елорда полигонына 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 45 мың рейсті құрайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 26 желтоқсанда боран, көктайғақ болады және желдің екпіні 28 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы