Елордада көмірді қайдан сатып алуға болады?

24 Тамыз 2021, 22:52
5250
Бөлісу:
Елордада көмірді қайдан сатып алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қаланың түрлі бөліктеріндегі 10 нүктеде көмір сатумен айналысатын 7 компания анықталды.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, көмірдің орташа құны жеткізу құнын есептемегенде тоннасына 13 мың теңге.

Көмірді келесі мекенжайлар бойынша сатып алуға болады:
- Герцен көшесі, 4/1-қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Сороковая станция-қаражыра сорты, қаражыра тұтынушысы;
- Герцен көшесі, 6/2-богатырь ұсақ, майкөбе, Қарағандылық жалын, Қаражыра, Шұбаркөл сорты;
- Көктал, 28/1-майкөбе;
– Жұбанов к-сі, 35-Шұбаркөл;
- Көктал, 28/2-Шұбаркөл;
- Ж. Жабаев көшесі, 68-Қаражыра сорты.,
– Мақат к-сі, 40-Қаражыра сорты., Қаражыра;
- Герцен көшесі, 6Б-богатырский, Қаражыра, жалын, майкөбе;
- Сороковая станция - Шұбаркөл.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылыту маусымында газға қосылу мүмкіндігі қаланың тағы жеті тұрғын алабының тұрғындарында пайда болатынын хабарлаған еді. Олардың қатарында Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Көктал-1, Агроқалашық (2020 жылы қосылмаған бөлік) бар. Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. "Қазақауыл" (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашық тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Сол кезде 345 км кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды.

Өзгелердің жаңалығы