Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

20 Тамыз 2022, 12:30
2135
Бөлісу:
Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігінен

Нұр-Сұлтан қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында балалар жылы аясында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкенің негізгі бағыты: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б.

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін жәрмеңкеге қатысып отырмын. Бұл жерден балаларға арналған ертегі кітаптарын, кесте заттарын алдым. Бағалары тиімді, қолжетімді, – дейді қала тұрғыны Гүлвира Прмагамбетова.

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Немереме күртеше алдық. Бағасына көңілім толады. Қолжетімді бағада сатылып жатыр, – дейді қала тұрғыны Сайлаухан Қасымхан.

Елордада «KIDS EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Мектеп жасындағы, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптар іздедім. Өзге орындардан 18 мың теңгеге көргенмін. Бұл жәрмеңкеден 13 мың теңгеге алдымСол сияқты балаларға арналған мектеп формасын да лайықты бағада алуға болады, – дейді елорда тұрғыны Қатима Аралбай.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын ерекше айтып өтті.

Өзгелердің жаңалығы