Елордада халықаралық театр фестивалі өтеді

10 Маусым 2019, 15:45
1329
Бөлісу:
Елордада халықаралық театр фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-17 маусым күндер аралығы «SAMGAU» Халықаралық театр фестивалінің VIІ маусымы өтеді. 

Дәстүрлі түрде жетінші мәрте шымылдығын түрген мәдени шараға Ресей, Литва, Қырғызстан, Өзбекстен елдерінің және еліміздің бірнеше өңірінің театрлары көрермендер назарына үздік қойылымдарын ұсынады. 

Фестивальдің шымылдығын алғаш болып Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры бүгін М.Әуезов, Қ.Мұхамеджановтың «АЙМАН-ШОЛПАН» музыкалық комедиясымен ашады.

Өзгелердің жаңалығы