Елордада Қажымұқанның 150 жылдығына арналған эстафеталық марафон өтуде

4 Ақпан 2021, 07:44
1292
Бөлісу:
Елордада Қажымұқанның 150 жылдығына арналған эстафеталық марафон өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теңдессіз өнерімен жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық бейне-челлендж басталды. 

Іс-шара ел астанасындағы «Жерұйық» саябағында өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери патриоттық орталығының ұйытқы болуымен қолға алынды.

Аталмыш шараға күшпен жасалатын нөмір көрсету бойынша әлемнің төрт дүркін рекордсмені, Гиннес рекордтар кітабының және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені Сергей Цырульников, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жастар саясаты мәслелері басқармасы», Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мейірбең Меңдіғалиев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

Челлендж қатысушылары  барлық эпидемологиялық нормаларды сақтай отырып, 150-рет «кеудені жерден көтеру» жаттығуын жасап эстафетаны еліміздің белді спорт майталмандары мен барлық аймақтардағы «Жас Сарбаз» филиалдарына жолдады.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын сақтау және келер ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Қажымұқан Мұңайтпасұлы –  Қазақ елінің атын шартарапқа танытқан аңыз адам. Ізін жалғастырушы, дәуірлер жалғасы ретінде біздің басты міндетіміз - жастарға осы дәстүр мен оның құнын арттыру үшін бағыт беру, - деп ойымен бөлісті Сергей Цырулников.
Айта кетелік, ақпан айының 3 күні бастау алған бұл жоба Қажымұқан Мұңайтпасовтың дүниеге келген уақытына дейін, яғни сәуір айының 7-не дейін жалғаспақ.

Ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында батыр есімі ұлықталып, челлендж ары қарай жалғасын табарына сенімділік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы