Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

29 Шілде 2021, 21:00
2388
Бөлісу:
Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стрит-арт жоба радиоарнаның директоры Дулат Абибуллаев пен елорда әкімдігінің бастамасымен, сондай-ақ қалалық урбанистика орталығының көмегімен жүзеге асырылды.

Муралда Мәңгілік Ел идеясы бейнеленген, ол Қазақ радиосының ғасырлық тарихи эволюциясымен ұштасқан.

Тәуелсіздіктің 100 жылдығы мен 30 жылдығы аясында биыл бірқатар қоғамдық-мәдени шара жүзеге асырылды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда біздің радионың редакциясының жанындағы көшелердің бірі «Қазақ радиосы көшесі» деп аталды. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы 1 қазанды - Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынды. Дәл осы күні, осыдан 100 жыл бұрын Қазақ радиосы өзінің хабар таратуын бастады. Ардагерлер мен радио қызметкерлері бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдады.

Мурал қаланың көрікті жерінде, Сауран мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне, Есіл ауданының әкімдігіне және қалалық урбанистика орталығына зор алғысымды айтқым келеді. Бұл жер радио сүйер қауым мен қала тұрғындары үшін тағы бір айшықты орындардың бірі болады деген үміттемін, - деді «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.
Елордада Қазақ радиосының 100 жылдығына арналған мурал пайда болды

Қазақ радиосы Орынбордан хабар таратуды 1921 жылы халық ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен бастады және қазір ел аумағының 90%-на хабар таратады. Радионың мерейтойы аясында елордада бірқатар қоғамдық жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, барлық автобус аялдамалары Қазақ радиосының кәсіби дикторларымен және қоғамдық орындарда, мұз айдындарында және т/ж вокзалдарында Қазақ радиосының хабар таратуы ұйымдастырылды.

 


Өзгелердің жаңалығы