Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

26 Қараша 2021, 10:19
1515
Бөлісу:
Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері" атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатар. 

Іс-шараны қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, "Онкологтар мен радиологтар альянсы" қоғамдық бірлестігі және елордалық Көпсалалы медициналық орталық ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ғылыми-практикалық конференция екі күн бойы, 25 және 26 қарашада онлайн және офлайн режимінде өткізіледі. Оған тар бейінді мамандар, оның ішінде онкологтар, маммологтар, химиотерапевтер, гинекологтар, радиологтар, урологтар, патоморфологтар, цитологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері, скринингтер бойынша жауапты онкогематологтар қатысады.

Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Іс-шараның мақсаты – қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы онколог, химиотерапевт, радиолог, онкогинеколог, онкоуролог, онкогематолог және басқа да аралас мамандықтар дәрігерлерін хабардар ету деңгейін арттыру есебінен Қазақстан Республикасының өңірлерінде онкологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Ұйымдастырушылар конференцияның негізгі міндетін ғылыми қоғамдастықта және практикалық денсаулық сақтауда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы мамандар арасындағы пәнаралық байланыстарды нығайту дейді. Іс-шараға қатысу үшін Батыс және Шығыс Еуропа, Қазақстан және ТМД елдерінің онкология саласындағы әлемдік беделі бар жетекші мамандары шақырылды. Конференция жұмысы аясында танымал ғалымдардың емдеу тактикасы мен сапасын арттыру, онкология әлемінде жаңа әзірлемелерді қолдану мәселелеріне арналған дәрістері жоспарланған.

Елордада қатерлі ісікті емдеу әдістері туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қатерлі ісік ауру мен өлімнің ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын бүкіл әлемде 10 миллионнан астам жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеліп, 6 миллионнан астам адам қайтыс болады.

Қазақстанда онкологиялық аурулар халық өлімінің себептері тізімінде екінші орында тұр.

Өзгелердің жаңалығы