Елордада қарумен суретке түскен азамат ұсталды

28 Маусым 2021, 17:45
2917
Бөлісу:
Елордада қарумен суретке түскен азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда әлеуметтік желі қолданушысы қарумен суретке түскені үшін ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

25 Маусымда «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің пайдаланушысы өз парақшасында қару-жарақпен суреттерді орналастырды. Бұл кезде жас жігіт әскерилендірілген киім киген.

«102» арнасына қала тұрғынынан әлеуметтік желіде оның ұлына қаруы бар белгісіз адамның «ертең елордада көңілді болатыны» туралы хабарламалар жіберілген.

Қазіргі уақытта жарияланған постың авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Жас жігіттің айтуынша, ол Airsoft-ті жақсы көреді және бұл пост өзінің «ВКонтакте» парақшасында жазылушылар санын көбейту үшін жарияланды, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Баллистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша жас адамнан алынған қару Страйкбол болып табылды.

Полиция департаменті қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені және сақтағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қаруланған жігіт елордалықтарды шошытқаны туралы хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы