Әлеуметтік желіде қаруланған жігіт елордалықтарды шошытты

28 Маусым 2021, 17:39
2651
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде қаруланған жігіт елордалықтарды шошытты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вконтакте әлеуметтік желісінде Әлихан Өмірзақов есімді жігіт қаруланған суреттерін жариялап, жазбаларында қалада қақтығыс ұйымдастыратын айтып, желі қолданушыларын шошытты.

 Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады, - деді 27 маусым күні сағат 18:50-де Вконтакте желісінде ол.

Ол жазбасында 28 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:50-де «көңіл көтеруді» жоспарлап отырғандығын атап кетті. Мұны көрген желі қолданушылары ер адамның ниетіне сақтық білдіріп, құқық қорғау органдарына жағдайды хабарлап, қадағалауын өтінген. 

Еске салайық, көршілес Ресейде 11 мамыр күні теракт жағдайы орын алған еді. Салдарынан жеті бала мен екі ересек азамат қайтыс болды. Бұл оқиға да әлеуметтік желіде тараған күмәнді жазбалардан басталған.

Өзгелердің жаңалығы