Елордада індет жұқтырғандар желтоқсан айымен салыстырғанда 35 пайызға өскен

1 Ақпан 2021, 12:51
1377
Бөлісу:
Елордада індет жұқтырғандар желтоқсан айымен салыстырғанда 35 пайызға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың алғашқы айында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 35 пайызға өскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Уақыты қабылданған шектеу және карантиндік шаралардың арқасында 30 қаңтардан бастап Covid-19 инфекциясы бойынша эпидемологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қала «сары аймаққа» көшті. Алайда қаладағы барлық жастағы және контигентте тұрғандар арасында індет жұқтырғандар тіркеліп жатыр. 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда аурудың 1,5 есеге немесе 35 пайызға өскені байқалады. Сонымен 2021 жылдың қаңтар айынан бері 3763 адам жұқтырды. Бір тәулікте инфекцияның 61 жағдайы тіркелді. Оның ішінде симптомдары бардың саны – 44, симптомы жоғы – 17. Аурудың 65 ошағы анықталды. Астаналықтар арасында ауырғандардың 24,5 пайызының негізгі үлесі 30-39 жастағы адамдар. 50 және жоғары адамдар - 22, 7 пайыз, 18-19 және 40-49 жастағы топтардың үлесі – 16 пайыз. Балалар – 16, 7, - дейді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап балалар арасында 750 коронавирустық жағдай тіркелді. Оның ішінде 56-сы кезекші сынып оқушылары, 596-сы қашықтан оқитын студенттер арасында болды.

Қалада коронавирустық инфекцияның диагностикасы кеңейтілді. Осы мақсатта тәуліктің қуаттылығы 12 750 зерттеу жасайтын вирустық инфекция бойынша 23 зертхана іске қосылды. Орташа алғанда тәулігіне 4-5 мың зерттеу жүргізіледі. Аурудың тұрақты өсуі – әрине, бір жағынан тестілеуден өтетін адамдардың санының артуымен, екінші жағынан қала тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауымен байланысты, - дейді елорданың бас санитары.



Өзгелердің жаңалығы