Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді

23 Мамыр 2021, 22:27
3569
Бөлісу:
Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 3 маусым күні «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді, деп жазды Хабар24.

«ECOJER» қауымдастығының мәліметінше, бірінші Халықаралық экологиялық конгресс «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» ұранымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады. 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтеді. Конгрестің мақсаты - экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу, - делінген ақпаратта.

Іс-шараға министрліктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, эко-белсенділер, халықаралық даму институттарының өкілдері және басқалар қатысады. Конгресс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы