Елордада грэпплингтен Азия чемпионатының үздіктері анықталады

23 Маусым 2023, 18:18
652
Бөлісу:
Елордада грэпплингтен Азия чемпионатының үздіктері анықталады
Фото: Астана қаласының Спорт басқармасы

Бұған дейін Қазақстан грэпплингтен Азия чемпионатын 2017 жылы алғаш рет қабылдаған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ашылу салтанатына Астана қаласының Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Азамат Имашев, UWW грэпплинг президенті Ризван Бочкаев, ҚР грэпплинг Қауымдастығының президенті, Азиялық грэпплинг комитетінің президенті Қанат Алин қатысты.

Елімізде грэпплингтен осындай ауқымды шараның өтпегеніне 3-4 жылдың жүзі болды. Бүгінгі өтіп жатқан Азия чемпионатына 7 елден 400-ден астам спортшылар жиналды. Осы біріншілікте елімізден жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталып, тамыз айындағы әлем чемпионатында намысымызды абыроймен қорғайды деп, үміттенемін, - деді Астана қаласының Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Елордада грэпплингтен Азия чемпионатының үздіктері анықталады

Бұған дейін Қазақстан грэпплингтен Азия чемпионатын 2017 жылы алғаш рет қабылдаған еді.

Қазақстанда грэпплингтің спорт ретінде дамуы 2011 жылдан басталады. Бірақ мемлекет тек 2018 жылы ғана бізді мойындап, аккредитация берді. Соның нәтижесінде мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алып, кәсіби түрде жаттығуға, жарыстарға қатысуға мүмкіндік алдық. Грэпплингтің даму қарқыны елімізде өте жоғары. Былтыр жастар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1-орын алды. Ал ересектеріміз әлемдік рейтингте 2-орында тұр. Жалпы 7 жыл бойы тұрақты ТОП-3-те тұрмыз, - деді ҚР грэпплинг Қауымдастығының президенті, Азиялық грэпплинг комитетінің президенті Қанат Алин.

2018 жылы алғаш рет еліміздегі атақты спортшы Айгерім Әбілқадырова әлем чемпионы атанса, 2021 жылы Зайреден Мұхамбетжанов, 2022 жылы Нұрбек Талбудин топ жарды.

Айта кетейік, былтыр Испанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс, 6 қола иеленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы