Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр

17 Ақпан 2023, 12:15
1029
Бөлісу:
Елордада грэпплингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр
Фото: 24.kz

Астанада грэпплингтен балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Хабар24 жазуынша, байрақты бәсекеге 1 200-ге жуық қатысушы келді. Енді олар 4 күн бойы жас деңгейлері және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Айта кету керек, ашық форматтағы жарыс 2017 жылдан бері елордада тұрақты ұйымдастырылады. Тіпті 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын да қабылдады. Ал дәл осы жарыста жақсы өнер көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. Атап айтқанда, ересектер арасындағы әлем чемпионаты биыл Польшада болады. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерледің дүниежүізілік додасы Грекияда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы