Елордада есірткі жарнамасын желімдеп, шлагбаумды бұзғандар жазаланды

15 Қазан 2024, 21:46
335
Бөлісу:
Елордада есірткі жарнамасын желімдеп, шлагбаумды бұзғандар жазаланды
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасып жатыр. Астана полицейлері кезекті вандалдарды анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәселен, 11 қазан күні сағат 09:40-та 20 жастағы жігіт Ақан Сері көшесіндегі шлагбаумды өз бетінше көтеруге тырысып, оны зақымдаған. Вандал әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жағдайда, құқық қорғау органдары есірткі жарнамасының QR кодтары бар 53 парақшаны қалаға жапсырған жас жігітті ұстады. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды. Белгілі болғандай, сотталушы нақты не жарнамалайтынын білген. Прокурорлар мұндай әрекеттер үшін 6 жылға дейін темір торға тоғытуға болатындығын еске салды.

Ескеретін жайт, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар мен қала тұрғындары қолдайтын «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрнісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Өзгелердің жаңалығы