Елордада ешқандай бұқаралық іс-шара өткізілмейді – әкімдік

12 Наурыз 2020, 17:01
1380
Бөлісу:
Елордада ешқандай бұқаралық іс-шара өткізілмейді – әкімдік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Наурыз мерекесіне жоспарланған шаралар өткізілмейді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында.

Бүгінгі таңда коронавирустың әлемдік пандемия болып жариялануына және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың арнайы алдын алу шараларын іске асыру туралы мәлімдемесіне байланысты елордада барлық бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, сондай-ақ 18 наурызға жоспарланған "Қазақ Елі" монументі алаңында, қалалық алаңда, "Жазушылар" аллеясында, "Астана" концерт залындағы шаралар да өткізілмейді.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры мен Қуыршақтар театрында да спектакльдердің қойылымы болмайды. Сонымен қатар базар, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі сынды нысандардың ішінде және аумағында іс-шаралар өткізбеу ұсынылады, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы