Елордада ерекше балалар арасында спорт фестивалі өтті

20 Ақпан 2022, 10:12
2173
Бөлісу:
Елордада ерекше балалар арасында спорт фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің қатысуымен "Жас Жауынгер" дене шынықтыру-сауықтыру клубының 4 жылдығына арналған спорт фестивалі өтті, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

"Жас Жауынгер" клубында ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделген спортпен аптасына 3 күннен тегін шұғылданады. Балаларға арналған ерекше спортзалдың негізін қалаушы - 32 жастағы жаттығу залының нұсқаушысы Садық Байымбетов, ол күндіз негізгі жұмыста жұмыс істейді, ал кешке жас спортшыларды жаттықтырады. Клубтың негізгі мақсаты – балалардың бейімделу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сондай-ақ жас кезінен Параолимпиадалық ойындарға дайындық. Клубқа әртүрлі диагнозы бар 70-тен астам бала келеді. Ал олардың жаттықтырушылары бейімделген спорт бойынша жоғары білікті жаттықтырушылар болып табылады.

Фестиваль аясында клуб жаттықтырушылары пара бокс, пара жекпе-жек және пара күрес бойынша жарыстық өнер көрсетті, сондай-ақ ерекше балалардың орындауындағы жарқын музыкалық шоу өтті. Ұйымдастырушылар мен жаттықтырушылар балаларға өздерінің кумирлері Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев және басқа да атақты спортшылардың орнында болуға бірегей мүмкіндік берді.

Елордада ерекше балалар арасында спорт фестивалі өтті

Сондай-ақ, шара барысында клубтың екі жас тәрбиеленушісіне Аян Бақтыбайға және Эрвин Куренковқа қазақтың ұлттық салт-дәстүрі «Тұсаукесер» өткізілді. Эрвиннің тұсауын "Қазақстан халқына" Қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев кесті. Адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы-жүру және әлемді білу қабілеті. Ұзақ емдеу мен оңалтудан кейін осы екі бүлдіршін ауырсынуды жеңіп, көп күш жұмсады, аяқтарына тұрып, қазір осы клубта спортпен шұғылдануды жалғастыруда. Болат Бидахметұлы барлық қатысушыларды клубтың 4-жылдығымен құттықтап, осындай клубтардың елордада ғана емес, Қазақстанның әр өңірінде болуының әлеуметтік маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Елордада ерекше балалар арасында спорт фестивалі өтті

Қор басшысы өңірлерде осындай орталықтарды құру арқылы толыққанды мамандандырылған көмек алуға, ерекше балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалатынын айтты. Осыған байланысты "Қазақстан халқына" Қоры барлық қажетті шешімдерді қабылдап, бұл іске асырылып жатқан жоба қайырымдылық саласындағы алғашқы қадам болған соң, " Тұсаукесер "деп аталатын болады. Бірінші кезеңде "Жас жауынгер" денешынықтыру-сауықтыру клубының әдіснамасы бойынша жұмыс істейтін клубтарды құру көзделген. Орталықтарды ашу Атырау, Семей, Шымкент және Алматы қалаларында жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы