Елордада ер адам «ДЦП»-ға шалдыққан қызды зорламақ болған

9 Тамыз 2021, 17:33
6122
Бөлісу:
Елордада ер адам «ДЦП»-ға шалдыққан қызды зорламақ болған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мүгедек қызды зорлады деген күдікпен 47 жастағы ер адам ұсталды. 

Instagram-пабликтегі ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға 8 тамызда болған. 


Куәгерлердің айтуларынша, сағат 21:00 шамасында Сарайшық көшесі 5/1 мекенжайы бойынша айғай-шу болды. Алкогольді ішімдікке мас болған 40-50 жас шамасындағы ер адам мүгедектігі бар, тіпті сөйлей алмайтын қызды зорламақ болған. Зардап шеккен қыз «ДЦП»-ға шалдыққан, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, көршілер полицейлерді шақырған. Тәртіп сақшылары күдіктіні құрықтап, сараптамаға алып кетті.

Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсініктеме берді.

Полиция бөліміне белгісіз ер адамның 29 жастағы үй тұрғынын подъезде зорлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы