Елордада эпидахуал әлі оңалмай тұр
17 Қаңтар, 16:17 559

Елордада эпидахуал әлі оңалмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада эпидемиологиялық жағдай әлі оңалмай тұр. Бұған себеп – індеттің күрт өсуі деп мәлімдеді қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қалада соңғы тәулікте 4639 зертханалық расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде, 3192 жағдай – симптомды, 1447 жағдай – симптомсыз. Өсім 2,5%-ды құрады. Соңғы аптада коронавирус инфекциясын 31789 адам жұқтырған, - деп атап өтті Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Оның айтуынша, алдағы аптаға қарағанда аурушаңдық 5 есеге артқан.

Алдыңғы аптада – 4476 жағдай тіркелді. Нәтижесінде 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық апталық көрсеткіші 496,0-ден 2674,9-ға дейін көтерілді. Репродуктивтілік саны – 1,905-ке жетті, - деді бас санитар дәрігер.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...