Елордада ең үздік жас отбасы анықталды

25 Қазан 2020, 16:15
1657
Бөлісу:
Елордада ең үздік жас отбасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде «Үздік жас отбасы» байқауының финалы өтті.

Бұл байқауға биыл 100-ге жуық жас отбасылар қатысты. Қатысушылар 4 кезеңнен өтіп, финалға 10 отбасы жолдама алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 500.000 тг көлеміндегі сертификатқа ие болып, бірінші орынды иеленген - Тлеубекұлы Шыңғыс және Тлеубекова Мадина, екінші орында Тырнахан Нұргүл және Мерзамхан Айдос, олар 350.000 көлемінде сертификатқа ие болды және Аймамбетов Сұңғат пен Қайратова Арайлым 250.000 тг сертификатпен үшінші орында.

Бірде-бір финалист лайықты марапатсыз қалмайды, сондықтан финалға өткен қалған 7 отбасы да жұбаныш сыйлығы ретінде 100.000 теңгеден алды.

қатысушылар олар үшін ең бастысы жеңіс емес, жақсы көңіл-күй және отбасымен бірге көңіл көтеру екенін атап өтеді.

Өзгелердің жаңалығы