Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкім Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Астана Опера» театрының маңында Тұран даңғылының бойында 300 ересек емен отырғызу жоспарланған. Бұл туралы қаланың урбанистика орталығына хабарлады.
Әкім Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша «Астана Опера» театрының маңында Тұран даңғылының бойында 300 ересек емен отырғызу жоспарланған. Емендер аллеясы дөңгелектелген отырғыштар түріндегі демалыс орындарымен абаттандырылады. Ағаштар жайма шуақ күндері жайлы демалыс үшін оңтайлы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз, - делінген хабарламада.Бұл ұсыныс қаланың әр түпкірінде жаппай көгалдандыру көзделген «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» мастер-жоспарының шеңберіндегі көп бастаманың бірі.