Елордада экоакция өтеді

5 Қазан 2022, 22:12
744
Бөлісу:
Елордада экоакция өтеді

8 қазан күні сағат 10:00-де елордада «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару. Сондай-ақ елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.

Елордада экоакция өтеді

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, орман екпелерін, азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Өскелең ұрпақ үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Елорданың табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтары экологиялық сенбілікке атсалыса алады.

Өзгелердің жаңалығы