Елордада екі көше жартылай жабылады

22 Шілде 2020, 07:19
1123
Бөлісу:
Елордада екі көше жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Арнасай және Жаңа әуежай көшелері 31 шілдеге дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Орташа жөндеу аясында Арнасай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Жаңа әуежай көшесіне дейін жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Жаңа әуежай көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейінгі учаскеде де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 22-31 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарлануда.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.



Өзгелердің жаңалығы