Елордада Е-652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізілуі мүмкін

20 Қазан 2020, 16:35
1345
Бөлісу:
Елордада Е-652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е-652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарлануда.

Тұрғындар елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа шағым жасап, нәтижесінде аталған шешім қабылданды. 

Елордада Е-652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізілуі мүмкін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайларын тексеріп, біржақты қозғалысты енгізу туралы шешім қабылдады. Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүретін болады. Бұл өзгерістер жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстарының бір бөлігі және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіледі. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс нүктелерін азайтуға, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Жүргізушілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескеруі қажет.


Өзгелердің жаңалығы