Елордада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай бірқатар іс-шара өтеді

13 Қараша 2021, 19:47
1117
Бөлісу:
Елордада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай бірқатар іс-шара өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 15-25 қараша аралығында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күндері жарияланды. Бұл күндері қалада қоғам назарын аударуға бағытталған түрлі ауқымды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбы шеңберінде 10 күн ішінде қала тұрғындарын АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу мәселелері бойынша, әсіресе жастар арасында хабардар ету және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту арқылы қауіпсіздікті қалыптастыру, кемсітушілікті жою сияқты іс-шаралар өткізілетін болады:

- 17 қарашада онлайн форматта әлеуметтік желілерде және YouTube арнасының тікелей эфирінде Қазақ ұлттық өнер университетінің классикалық камералық концерті өтеді.

- 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы колледж студенттері мен жоғары сынып оқушылары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жастар форумы өтеді.

- 24 қарашада медициналық университет студенттері арасында пікірталас өтеді.

Осы іс-шаралармен қатар 15-25 қараша аралығында қаланың ірі жоғары оқу орындарында студенттерді АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция ұйымдастырылады. 10 күн бойы күнделікті ЖИТС орталығының Достық кабинетінде Ашық есік күндері өтеді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде үкіметтік емес ұйымдар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындары үшін #Услышать каждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone атты челлендж ұйымдастырылады.

Орталықта тіркелген, АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы беріледі. Іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, Білім басқармасымен, Қазақ ұлттық өнер университетімен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізіледі. 

Оның қорытындысы бойынша 25 қарашада БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы