Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 26 және 27 қарашада жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.
Елордалық тауар өндірушілер мынадай тауар түрлерін ұсынады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі: көкөністер, нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және т.б.
Жәрмеңке Т.Жүргенов, 29 мекенжайында өтеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін бара алады. Барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылатын болады.