Елордада әдеби-сазды кеш өтеді

25 Қыркүйек 2019, 15:55
2531
Бөлісу:
Елордада әдеби-сазды кеш өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы әдеби-сазды бал кешін өткізеді.

««Жастар жылы» аясында өткізілетін шараның мақсаты – отандық әдебиетті жаңа қырынан жаңдандыру, қоғамды мәдениет пен өнерге баулу, сонымен қатар, өнер және әдебиет саласын бір арнаға тоғыстырып, есте қаларлық кеш өткізу. Сонымен қатар жастардың мәдениеті мен Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының өкілдерімен байланысын, мәдени және адами құндылықтарды насихаттайтын алаң құру», - дейді ұйымдастырушылар.

Кеш барысында еліміздің танымал ақын-жазушылары, театр-кино майталмандары және Нұр-Сұлтан қаласының жарқын жұлдыздарымен бірлескен кездесу өтеді. Бұл шара өмірдің сахнасын суреттейтін көркем де, әсем табиғаттың жаратылысын әдебиет майданындағы кейіпкерлерімен бейнелейді.

Өзгелердің жаңалығы