Елордада дауылды ескерту жарияланды

8 Қараша 2019, 17:36
1816
Бөлісу:
Елордада дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында дауылды ескерту жасады.

Нұр-Сұлтан қаласында 9 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай қаласында 9 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетпек.



Өзгелердің жаңалығы