Елордада бүгін қандай іс-шаралар өтеді

31 Мамыр 2023, 10:50
514
Бөлісу:
Елордада бүгін қандай іс-шаралар өтеді
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанда 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада осы күнге орай арнайы іс-шаралар өткізіледі.

Апта бойы елордалық оқушылар үшін «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде экскурсиялар өткізіледі.

Қаланың білім беру мекемелерінде Қазақстан тарихы бойынша сынып сағаттары мен ашық сабақтар ұйымдастырылып, оған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі комиссия мүшелері шақырылады.

31 мамыр күні таңғы сағат 10-да «Қараөткел» зиратында Смағұл Сәдуақасовтың қабірінде Құран сүрелерін оқу дәстүр бойынша өтеді.

Сағат 9:30-да АЛЖИР-де еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін мұражайда бірегей экспонаттарын көрсететін көрме өтеді. Кешен қызметкерлері сағат 11:00 және 12:00-де осы күнге орай танымдық дәрістер ұйымдастырады.

Сағат 11:00-де елордалық Достық үйінде «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» дөңгелек үстелінде өңірлік комиссия мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бас қосады.

Сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында Алаш Орда көшбасшыларына арналған «Үш арыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы уақыттарының бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік ашаршылықты еске алу күні. Елдегі көптеген құрбандарды еске алу үшін бірқатар іс-шаралар өткізіледі, мұражайларда көрмелер ашылады, мемориалдарға гүлдер қойылады, жаңа деректер жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы