Елордада биыл 15 мектеп салынады

8 Тамыз 2021, 00:55
5335
Бөлісу:
Елордада биыл 15 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл 15 мектеп салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. 

Бүгін бірқатар мектептің, соның ішінде жекеменшік және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынып жатқан мектептердің құрылыс барысымен таныстым.  Мысалы, «Zam-Zam» және «De Luxe» (Есіл ауданы) сияқты оқу орындарының жобалық қуаты 4 мың оқушыны құрайды (екі ауысымда). Мектептер жеке қаражат есебінен салынуда. 2019-2020 жылдары 30 жекеменшік оқу орнының құрылысы қолдау тапты. Олардың бір бөлігін биыл пайдалануға береміз. Сонымен қатар, алдағы жылдарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, себебі елордада мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу қажет.  Оқу орындары елорданың барлық ауданында салынуда. Бірінші кезекте қажеттілікке қараймыз: халық тығыз орналасқан аудандарға, жаңа құрылыс аудандарына және т.б. Биыл 15 мектеп саламыз. Осылайша 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп, – деп жазды елорда әкімі.


Өзгелердің жаңалығы